Сауд Арабиясының екі ханшайымы Шура кеңесінің (Консультативті кеңес) Ислам және сот істері комитетіне мүше болып сайланды және алғашқы рет кеңеске мүше болған әйел адамдар ретінде тарихқа енді.
Олар Нұр Ханшайым атындағы университеттің доценті, доктор Латифа Әл-Шалаан және Фейсал Патша атындағы балаларды рактан емдеу ауруханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Халва Әл-Кари. Екі ханшайым да Шура кеңесінің алтыншы отырысында кеңеске мүшесі болып тағайындалды.
Кеңесте, сонымен қатар 6 әйел адам комитет төрағаларының орынбасарлары болып сайланды. Шура кеңесінің 150 мүшесі болса, оның ішіндегі отызы әйел адамдар. Солардың 27-сі докторлық дәрежені иеленсе, қалған үш ханшайым Әл-Сауд отбасын басқарады.
Абдулла Патшаның жарлығында көрсетілгендей, кеңеске мүше болған барлық әйел адамдар өз қызметтеріне сай міндеттер мен құқықтарға ие.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті