Италияның дүкенінде «халал» шошқа еті сатылуда

Италияның дүкенінде «халал» шошқа еті сатылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Италияның Виченца қаласындағы жергілікті бір дүкенде сары түсті қаптамада араб тілімен «халал ет» деп жазылған ет сатылған. Бір таңқаларлығы, қаптаманың итальян тіліндегі ақ түсті қаптамасында «шошқа еті» деп жазылған. Бұл туралы қаланың мұсылман тұрғыны байқап, дүкеннің директорына шағымданған.

Супермаркеттің директоры  Аурелио Мураро көпшілік аллдында кешірім сұрап, бұл мәселені тауарларды этикеттеу кезінде кеткен қателік деп түсіндірді. Оның айтуынша, қаптамадағы барлық еттер шошқаның емес, қойдың еті екені айдан анық, - деп хабарлайды «Новый День» ақпараттық агенттігі.

Дегенмен, бұл түсініктемеге күмәнданған мұсылмандар бұл туралы жергілікті басылымдарға осы туралы шағымданып хат жолдады. 

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: