Сенсорлы смартфондар адам миын өзгертеді

Сенсорлы смартфондар адам миын өзгертеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Смартфондар мидың формасы мен функцияларын өзгерте алады. Бұған Швейцария ғалымдары зерттеу нәтижелері арқылы көз жеткізді.

Сарапшылар сенсорлы телефондарды күнделікті қолданатын адамдардың соматосенсорлы қабаты ұлғайғандығын анықтады. Бұл - мидың қол саусақтарының қозғалысын бақылайтын бөлігі.

Швейцариядағы Цюрих университетінің неврологтары ұялы телефонның адам денсаулығына әсерін зерттеп, жеке ұялы гаджетті пайдалануда оған құлай берілу мидың өзгеруіне әкелетіндігін анықтап отыр.

Адам миының жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті бұл өзгерістердің созылмалы аурудың пайда болуы мен қозғалтқыш мүшелердің қалыпты жұмысының бұзылуына соқтырады.

Ғалымдардың пайымдауынша, қарапайым тетіктерге қарағанда тачскриндермен жұмыс қол саусақтарының әлдеқайда күрделі қозғалыстарымен байланысты.

Сенсорлы экранға жылдам қол тигізу мидың белсенді жұмыс істеуіне әкеледі. Зерттеушілер соматосенсорлы бөліктегі форманың өзгеруі ағзаны шаршататынын ескертіп отыр.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: