АҚШ Ауғанстандағы әскери миссиясын келесі аптада аяқтайды. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі, 25 желтоқсанда, америкалық әскери қызметкерлермен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Лента.ру.
«Біз 13 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз соғыс жағдайында болып келдік», - деген ол Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған лаңкестіктерге жауап ретінде 2001 жылы қазанда Ауғанстанда басталған операция келесі аптада аяқталатынын атап өтті. Обама америкалық операциялардың арқасында ауғандар өз мемлекетін қалпына келтіріп, АҚШ қауіпсіздік деңгейін көтере алды деген сенімін жеткізді.
Сонымен қатар президент «алда әлі әлемнің түкпір-түкпірінде, оның ішінде Иракта («Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен күрес) күрделі миссия күтіп тұрғанын» тілге тиек етті.
Желтоқсан айының орта тұсында Обама 2015 жылыАуғанстан мен Иракта 180 мың әскери қызметкердің 15 мыңға жуығы қалады деп мәлім еткен болатын. 7 желтоқсанда НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясы ресми түрде аяқталды.
bnews.kz