Жан тыныштығына кенелудің 4 амалы (жалғасы)

Жан тыныштығына кенелудің 4 амалы (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2. Аллаға сенім артыңыз.

Алла Елшісі () былай айтқан: «Егер сендер Аллаға лайықты түрде сенім артсаңдар, онда Ол ұясынан құрсағы аш кетіп, тойып келетін құсқа несібе бергендей, сендердің де несібелеріңді береді» (Тирмизи).

3. Оптимизмді дамытыңыз.

Кейбір адамдар мұсылмандар үнемі түңілген күйде жүрулері керек деп ойлайды, яғни, мұсылман баласы мұсылман үмбетінің нашарлап бара жатқан жағдайы және Тозақ оты туралы саруайымға салынып, үнемі алаңдаушылық күйде болуы қажет. Осы идеяның тамырына балта шабу үшін, өзімізге бір-ақ сұрақ қоюымыз жеткілікті: Пайғамбарымыз () осылай жасап па еді? Ол оптимист адам болған. Негізінде, ол бізге Алла туралы тек жақсы ойлауға кеңес берген, бұл дегеніміз ертеңгі күнімізге деген оптимизмді білдіреді.

Калифорния университетінің психология профессоры Соня Любомирски «Бақыт психологиясы» деген еңбегінде оптимизмді таратудың мықты тәсілдерін келтірген. Міне, соның кейбіреулері:

«Бір жақсы блокнот немесе әдемі бір бет қағаз алып, оңаша жерге отырып, өзіңіздің келешегіңіз туралы ойлануға, келешекте сіздің барлық жоспарларыңыз бен тілектеріңіздің, алдыңызға қойған мақсаттарыңыздың орындалғанын және өзіңіздің қандай күйде болатындығыңызды жазуға 20-30 минут уақытыңызды бөліңіз. Тамаша келешегіңізді сипаттау барысында сіздің басыңызға жаңа идея мен көркем ойлардың келері сөзсіз. Бір нәрсеге алаңдап жүргенде, көбіне біз келеңсіз дүниелер туралы ойланамыз. Күнделікпен жаттығу жасау жақсы көңіл-күйде болып, өзімізді жақсы сезінуге итермелейді».

4. Жетістіктеріңіздің жазбаша есептемесін жүргізіп отырыңыз.

Егер сіз Аллаға сенім артар болсаңыз, Ол сізді қайғы-мұңнан ада етеді. Бұл жағдайда блокнотқа жазатын есептеме аса пайдалы болмақ. Келесі қарапайым жаттығуды жасау үшін күнделікті 10 минут уақытыңызды бөліп көріңізші:

Сол жақ бағанаға сізді мазалап жүрген ойларды тізіп жазыңыз да әрбір ойыңызға талдау жасаңыз. Содан кейін оң нәтиже беретін балама туралы ойланыңыз. Оң ойларыңызды оң жақ бағанаға жазыңыз. Міне, сізге үлгі ретінде көрсетейік:

Теріс ойлар

Оң ойлар

Мен емтиханнан құлаймын

Мен емтиханнан сүрінбей өтемін, ин ша Алла

Мен сұхбаттасудан өте алмаймын

Сұхбаттасудан өтіп, арманымдағы жұмысқа тұрамын, ин ша Алла

Бұл тыңдаушылардың алдында сөз сөйлей алмаймын

Менің сөз сөйлеуім керемет өтеді, ин ша Алла

Бірнеше апта бойы осы жаттығуды жасап көріңіз, сонда сізді мазалап жүрген теріс ойларыңыздың саны мен қарқындылығының қаншалықты азайғанын байқайсыз. Оның орнына теріс ойлармен күреске түсетін оң пиғылдағы нұсқаулар пайда болады.

Ескерту: Егер сіз үнемі үрейде болып жүрсеңіз, дәрігерге немесе  психиатрға баруға ұялмаңыз, өйткені бұл көптеген психологиялық қиындықтардың немесе денсаулығыңыздың сыр беріп жүргенінің белгісі болуы мүмкін.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: