Сіз бірден сезінетін намаздың 3 психологиялық әсері (жалғасы)

Сіз бірден сезінетін намаздың 3 психологиялық әсері (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз негізгі үш психологиялық қажеттіліктерді толықтырып тұрады:

1. Намаз бізді мазалап жүрген нәрсені сөзбен айтып жеткізуге көмектеседі.

Адам басына түскен ауыртпашылық нақты болмай тұрғанда онымен күресу мүмкін емес. Намаз оқу – өз қиыншылықтарымызды қағазға жазып түсіргендей. Егер біз Алладан көмек сұрайтын болсақ та ауыртпашлықтарымызды сөзбен айтып жеткіземіз ғой.

2. Намаз оқу арқылы біз өз ауыртпалығымызбен біреумен бөлісіп, онымен оңаша қалмағандай сезімде боламыз.

Қай-қайсымыз болсақ та өз ауыртпалығымызды жеке өзіміз алып жүруге, ең қиын мәселелерімізді жалғыз шешерліктей күш-қуатқа ие емеспіз. Кейде біздің уайымымыздың тереңде жататыны сондай, біз тіпті оны жақын туған-туыстарымызға да айта алмаймыз. Міне, осы кезде намаз көмекке келеді.

Кез-келген психиатр күйзелісте жүрген адамның жанын жегідей жеген қиыншылығын біреуге айтып берсе көп-көрім жеңілдеп қалатынын айтады. Ал егер ешкімге айта алмасақ, онда бұл мәселені кез-келген уақытта Жаратушыға айтып бере аламыз.

3. Намаз бізді әрекетке итермелейді.

Бұл әрекетке деген бірінші қадам. Ешбір жан күннен күнге намаз оқып, дұға жасап, бір ісінің оңға басуы үшін қадам жасамайды дегеніне күмәнім бар. Дүние жүзіне танымал бір ғалым былай айтқан: «Намаз  - өмірде бар ең күшті қуаттың түрі».

Аса қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен Алла Тағала жаратқан пенделерін тек өз күштеріне сенбеуді ескертеді, өйткені олардың өз күштері жеткіліксіз және мұндай жағдай оларды өз әлсіздіктері мен надандықтарының түрмесіне мәңгіге қамауы мүмкін.

Қасиетті хадисте Алла Тағала былай айтқан:

«Уа, Менің құлдарым, Мен оң жолға түсіргендерден басқаларың адасушы болдыңдар, сендерді дұрыс жолға түсіруімді сұраңдар, Мен сендерді оң жолға түсіремін!

Уа, Менің құлдарым, Мен тамақтандырғаннан басқаларың аш қаласыңдар, Менен сендерді тамақтандыруды сұраңдар, Мен сендерді тамақтандырамын!

Уа, Менің құлдарым, Мен киіндіргеннен басқаларың жалаңаш қаласыңдар, Менен өздеріңді киіндіруді сұраңдар, Мен сендерді киіндіремін!

Уа, Менің құлдарым, ақиқатында, сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен сендердің барлық күнәларыңды кешіремін, Менен кешірім сұраңдар, Мен сендерді кешіремін» (Мүслим).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: