Тәубеге келуде айтылатын ең күшті дұға (жалғасы бар)

Тәубеге келуде айтылатын ең күшті дұға (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кінәлік сезім – адам баласының тәубесіне келуіне, жасаған қателіктеріне опық жеп, жақсы жаққа қарай өзгеруіне көмектеседі, алайда бұл сезімнің екінші жағы да бар: кейде адам шектен шығып кетіп жатады әрі ол үшін қайырлы болатын нәрсе жағымсыз дүниеге айналып сала беруі де мүмкін.   

Дұрыс сезім (мұны тәубеге келу деп атайық) мен бұрыс сезімнің арасында айырмашылық бар. Алдымен осы екі терминнің мағыналарын анықтап алайық.  Доктор Дэвид Бернс «Жақсы көңіл-күй» кітабында былай келтірген: «Тәубеге келу – сіздің мінез-құлқыңызға бағытталса, ал кінәлік сезім – сіздің эгоңызға бағытталған, міне, екеуінің айырмашылығы осында жатыр».

Кінәлік сезім – бұл жаза

Кінә – Тозақ мекендеушілеріне арналған жазаның бірі. Қиямет күні тозақтықтар теріс қылықтары үшін мәңгі жазалансын деп олардың барлық жаман амалдары егжей-тегжейлі көрсетілетін болады.

Бұл баянсыз өмірде күнә жасамайтын адам болмайды, дегенмен, жіберген олқылықтары мен жасаған қателік-кемшілік, күнәлары үшін тәубеге келіп, қателіктерін түзеп, Алладан кешірім сұрау үшін оларға уақыт – өмір берілді ғой, алайда олар бұл мүмкіндіктерін жіберіп алғандар. Енді олар мәңгі опық жеп, бармақтарын тістеп, өкініп өтетіндер, өйткені артқа қайтар жол жоқ.

Олардың «йа ляйтани!» - деп айқайлаған жан дауыстары шексіз өкініштерін білдіреді, адамдардың бұл жан айқайын сөзбе-сөз аудару мүмкін емес, бірақ осы сөз олардың кінәлік сезімін дөп басып сипаттайды.

«Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді. “Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім…” (25:27-28).

«… Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді (78:40).

Кінәлік сезім адамды жан азабына салып қояды әрі оның салдары өте жаман болуы мүмкін. Кінәлік сезім клиникалық депрессияның маңызды белгілерінің бірі болып табылады.  Шектен шыққан кінә адамдардың өз пайдасыздығын сезініп, депрессияға түсуіне әкеліп соғады.

Кейбір адамдар кінәлік сезімдеріне қарамастан, өздерінің күнә жасайтын әдеттерін неге өзгертпейді?

Көбінесе «күнәһар» немесе нашар адам деп өзін-өзі айыптауы, келе-келе адамның тәубеге келуіне кедергі келтіретін болады.

Кез-келген адам үшін өзіне нашар адам деп қарауы жексұрын ой болып табылады, сол себепті өзін-өзі айыптаудан құтылудың орнына ол өз қылықтарын теріске шығарып, өзінің бұрыс жасағанын мойындаудан бас тартады. Ал бұл өз кезегінде тәубеге келу жолын қиындатады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: