Ердоғанды балағаттаған студентті Түркия соты қамауға алды

Ердоғанды балағаттаған студентті Түркия соты қамауға алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды балағаттады деген күдікпен полиция қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді қамауға алды.

Ердоғанды балағаттаған студентті Түркия соты қамауға алды

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ұсталған күдікті Анадолыда өтіп жатқан наразылық акциясында Ердоған мен басқарушы партияны жария түрде жемқор деп айыптаған.

Түркия премьері Ахмет Дәуітоғлы полицияның бұл әрекетін қош көріп отыр. Ол мемлекет басшысына құрметпен қарау керек деген пікірде.

Айта кетейік, Түркияның заңнамасына сәйкес, президентті балағаттау қылмыс болып саналады және бұл заңды бұзған адам 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

BAQ.KZ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: