Лавров "Ислам мемлекетінің" Орталық Азияға таяп қалғанын мәлімдеді

Лавров "Ислам мемлекетінің" Орталық Азияға таяп қалғанын мәлімдеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавтров "Ислам мемлекетінің" мүшелерінің Орталық Азияға таяп қалғаны туралы мәлім етті.

Лавров
 

"Ол эмиссарлар Ауғанстанның солтүстігінде байқалғаны туралы мәліметтер бар. Ол дегеніңіз Орта Азияға, демек Ресей шекарасына тым жақын деген сөз. Ол мен үшін айдан анық", - деп мәлім етті Лавтров "КоммерсантЪ" газетіне берген сұхбатында.

Оның айутынша, ол содырлар Эбола безгегі секілді, жаһанға қауіп төндіреді және оларды жою керек.

"Ислам мемлекеті" Эбола безгегі секілді секілді қауіпті. Бұл ретте ол екі дерт те географиялық тұрғыдан белгілі аумақтарда болғанымен, егер қажет шаралар қабылданбаса, ол таралып кетуге ұмтылуда. Эболаға қатысты медициналық шаралар қабылдап, санитарлық жағдай жасау керек болса, ИМ жағдайында содырларды оқшаулап, оларға басқа аумақтарды басып алуға мүмкіндік бермеу керек. Түптеп келгенде олардың Ирак пен Шамдағы басып алған жерлерін азат ету керек, олар қазір Ливияда да пайда болды", - деді Ресей СІМ.

Сондай-ақ Сергей Лавров әлемдік тәртіпке қауіп төндіріп тұрған басқа да нәрселерді атады.

"(...) геосаяси қауіп бар, ол халықаралық құқыққа немқұрайлы қараудан, БҰҰ жарғысында қарастырылған ұжымдық қауіпсіздік қағидаларының негізінен тыс әрекет етуден туындайды.  Ол қағиданың ортасында БҰҰ ҚК мен оның құзыретіне берілген тетіктер бар, ал барлығына да "не қаласам, соны жасаймын, кім келіссе, ол алғыс алады, ал келіспеген – әр түрлі мәжбүрлеу шараларына ұрынады" деп өздерінің біржақты көзқарастарын таңу, ол әлемдік тәртіпке төнген елеулі қауіп", - деді СІМ басшысы.

Оның айтуынша, "ол тарихи Батыстың, осы жағдайда АҚШ бастаған, әлемдік жүйеде үстемдік құруға деген әрекеті". 

"Әрине, халықаралық саясаттың бірқатар басқа да бағыттарында қауіп-қатер сезіліп тұр", - деді Лавров.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: