Түркияның Дін істер министрлігі елдің мәдени астанасы Стамбул қаласында Халықаралық ислам университетін ашу туралы жоспарымен бөлісті.
Түркияның бас мүфтиі Мехмет Гермездің айтынша, ашылғалы отырған жоғарғы оқу орны Мысыр, Малайзия, Пәкістан мен Сауд Арабиясында орналасқан ең танымал деген Ислам университеттерімен бәсекелес болады. Ондай оқу орнын ашуға Түркияда барлық мүмкіндіктер жасалған дейді бас мүфти.
Ашылғалы жатқан ислами университеттің басқа ислами оқу орнындарынан біршама айырмашылықтары бар. Жаңа универитетте оқытылатын пәндер қатарына қазіргі әлеуметтік аралас ғылымдармен қоса, классикалық ислами мәтіндер тереңдетіліп оқылатын пәндер қосылады.
Сонымен қатар,түрік елінде араб тілі бағдарламаларын жақсы дамыту үшін соғыстың салдарынан көшуге мәжбүр болған сириялық ғалымдарды университеттерге қызметке орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр, - дейді Түркиядағы Мармара университетінің екінші деңгейлі профессоры Сулейман Дерин.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті