Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында Бодоленд Ұлттық демократиялық майдан содырларының шабуылынан қаза тапқандардың саны, соңғы мәліметтер бойынша, 48 адамға жеткен, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Бұдан бұрын 36 адамның ажал құшқаны хабарланған болатын.
Сепаратистер Ассам штатының екі ауданында – Сонитпур және Кокраджхарда кем дегенде төрт шабуыл ұйымдастырған.
Құрбан болғандардың барлығы адиваси этникалық тобына жатады, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
bnews.kz