Жарғайыңда жаңа мешіт ашылды

Жарғайыңда жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Солтүсік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Жарғайың ауылы – береке-бірлігі ыдырамаған ауыл. Бірақ, осы күнге дейін ауылда мешіт болмаған еді. Енді, міне тұрғындар тілегі орындалып, осы елдің перзенті, жеке кәсіпкер Дулат Қалитов 100 орындық Алла үйін салып, халық игілігіне тапсырды, деп хабарлайды СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиынға «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы да қатысты. «Азаны бар ауыл азбайды», деп сөзін сабақтаған бас имам, мешіт салу сауапты іс екенін айтты. Сондай- ақ, Алла үйі ауылды имандылыққа, береке-бірлікке ұйытатын орын болатынына сенім білдірді.

«Жарғайыңның маңайында Өрнек, Мектеп секілді қазақ ауылдары бар. Бұл мешіт осы елді мекендерге де ортақ болғалы тұр», - дейді Дулат Қажыкенұлы. Кәсіпкер Алла үйінде екі жыл бойы құрылыс жұмыстарын жүргізген. Заманауи үлгідегі мешіт тұрғындарды да қуантып отыр.

Мешіттің ашылу салтанатына осы елдің жырақтағы тумалары, облыс орталығынан арнайы делегация келіп, қатысты. Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы жамағатқа жұма намазын өткізіп, тозақтың сипаттары жайында уағыз айтты.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: