Сирияда төртінші жыл бойы жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс салдарынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген 290-нан астам нысан зардап шеккен немесе қираған, деп хабарлайды ТАСС БҰҰ-ның жарияланған Оқу және ғылыми-зерттеу институтының баяндамасына сілтеме жасап.
Спутниктің мониторинг бағдарламасының көмегімен алынған институт мәліметіне сәйкес, ондаған мәдени мұра нысанына біршама залал келді. Атап айтсақ, Алеппо мен Дамаскі зардап шекті.
Баяндамада 24 мәдени және тарихи ескерткіштің толығымен жойылғаны айтылған.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілетеме көрсетуіңіз міндетті