Биылғы жылдың ең үздік селфиінің қатары тағы да толықты. Осыған дейін спортшы Илья Ильиннің елбасымызбен, жас әнші Рүстем Жүгінісовтің Дариға Назарбаевамен түскен селфиі үздіктер көшінде болған.
Жақында тағы да үздік селфи жарияланды. Бұл жолы алғаш рет дінбасымен селфи жасалды деп жазады baistars.kz.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен түскен алғашқы селфиді "KZ" тобының бұрынғы мүшесі, талантты әнші Бейбіт Кушкалиев жасап, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Біреу елбасымен түссе, мен дінбасымен жылдық селфи жасадым. Алла разы болсын баршасына", - деп жазған әнші.
Әнші Алматы қаласының мешіттерінің бірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігімен өткен II республикалық "Әдемі әуезді азаншы" атты азаншылар байқауында қазылық етті.
Екі күнге созылған байқауға еліміздің барлық өңірінен келген азаншылар келіп, бақ сынаған.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті