Пәкістанда алдағы бірнеше аптада жазаның ең ауыр түріне тартылған 500-ге жуық лаңкеске қатысты өлім жазасы орындалады, деп жазады РИА Новости.
Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Чоудри Нисар Али Хан мәлім етті.
17 желтоқсанда Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф өлім жазасына қатысты 2008 жылдан бері жарияланған мороторийдің күшін жойды. Мұндай шешім «Техрик-и-талибан Пәкістан» радикалдық ағым мүшелерінің 16 желтоқсанда Пешавар қаласындағы орта мектептердің біріне шабуыл жасауларынан кейін қабылданды.
Ол кезде лаңкестік салдарынан 148 адам, оның ішінде 130 бала көз жұмды.
hibatulla.kz


03 Қараша 2025
12 Джумада-авваль 1447

