Пәкістан полициясы Пешавардағы мектепке жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен бірнеше адамды тұтқындады, деп мәлім етті Пәкістанның ішкі істер министрі Чоудри Нисар Али Хан. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Содырлардың шабуылы салдарынан 140-тан аса адам ажал құшқан, олардың басым бөлігі – балалар. Министр ұсталғандарға қатысты толық ақпарат берген жоқ.
Жексенбі күні мыңдаған пәкістандық қаза тапқандарды еске алу үшін мектеп ғимаратының алдына жиналған еді.
hibatulla.kz