ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Оңғар елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған «Бейбітшілік ағашы» («Дерево мира») интерактивті арт-инсталляциясының тұсаукесеріне қатысты.
Іс-шарада конгресс декларациясының негізгі идеяларын әділ, бейбіт, қауіпсіз және гүлденген бейбітшілікке ұмтылуда көрсету, және ағашты өсудiн, өркендеудiн, дамудын, ұрпақтар, халықтар, конфессиялар мен достастық арасындағы нығайтуға деген ұмтылыстын символы ретiнде пайдасы жайлы талқылау өтті.
Тұсаукесер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент депутаттары, ҚР АҚД министрі Дархан Қыдырәлі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек, дипломатиялық елшілер сондай-ақ елiмiздегi дiни бiрлестiк басшыларының катысуымен өтті.
«Әлем ағашы» арт-жобасының авторы – белгілі суретші және Kulanshi қазіргі заманғы өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат. «Бейбітшілік ағашының» айналасында Рим Папасы Франциск, Жоғарғы имам Әл-Азхар Ахмед ат-Тайеб және басқа да дін қайраткерлері бар көрнекті әлемдік рухани көшбасшылардың қолдары жинақталған. Инсталляцияның өзі елордалық Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан.