Мұсылман белсендісі Амина Абдулла әр сенбі сайын Плезантон ислам орталығына барып, қойма ашып, шағын автобусқа азық-түлік пакеттерін тиейді. Мұсылман әйел ерікті әріптестерімен бірге мұқтаж жандардың үйлеріне күріш, бұршақ, макарон өнімдері, жемістер мен көкөністерден тұратын азық-түлік пакеттерін жеткізуде, деп хабарлайды IslamNews CBS News-ке сілтеме жасап.
Әминаның айтуынша, індет басталғанда мешіт 16 отбасына азық-түлік жеткізген болса, қазір олардың саны 350-ге жетті. Әмина және басқа еріктілер азық-түлік пакетін алу үшін мешітке бірнеше рет барып, сосын сол үйдегілердің үйлеріне баруға мәжбүр болды.
«Бұл біздің сеніміміз бен қызметіміз үшін өте маңызды. Тек мұқтаж жандарға көмектесіңіз», – дейді мұсылман әйел. Өнімдер бірінші кезекте қарттар мен жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі жандарға, жеке көлігі жоқ жалғызбасты аналарға жеткізіледі. Кішкентай балалары бар отбасыларға да памперстер жеткізіледі.
asyldin.kz