Табиғин заманында көп күлетін, жеңілтек мінезді бір бала болыпты. Бірде Хасан Басри әлгі баладан: «Неге күле бересің?» – деп сұрағанда, ол қапелімде ештеңеге түсінбей тұрып қалады.
– Осыншалықты бос күлкі саған жараса ма? Әлде ақыретте қыл көпірден сүрінбей өтетіндей жағдайың бар ма?
– ...
– Әлде жұмаққа кіретініңе сенімдімісің?
– ...
– Мүмкін, саған тозаққа түспейтінің анық білдірілді ме?
– Жоқ.
– Ендеше көп күлу бізге лайық емес. Хасан Басридің сөзі балаға кәдімгідей ой салады. Балаға әсер еткені соншалық – ол баланың бұдан кейінгі өмірінде күлгенін ешкім көрмеген деседі.