Әбу Һұрайра (р.а.) былай келтірген:
«Бір күні Пайғамбарымызға (ﷺ) барып, Қиямет күні оның шапағатына кімдер ең көп кенелетінін сұрадым. Ол әдеттегі байсалды қалпымен:
– Бұл сөзді сенен бұрын ешкім сұрамас деп ойлайтынмын, өйткені сенің хадистеріме деген ынтықтығыңды білемін. Иә, Қиямет күні менің шапағатыммен бақыт құшатындар – бар ықыласымен «Лә иләһә иллаллаһ» дейтіндер, – деп жауап берген еді».
... «Уа, Алла, Қиямет күні Өзің сүйген әрі Пайғамбарымыздың (ﷺ) шапағатына кенелетін құлдардың қатарынан болуға нәсіп ете гөр!»