«Намазды соңғы рет оқып тұрғандай оқу...»

«Намазды соңғы рет оқып тұрғандай оқу...»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Аюб әл-Ансари (р.а.) келесі риуаятты келтірген:

Күндердің күнінде бір адам Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп:

 - Уа, Алла Елшісі! Маған пайдасы бар бір нәрсені үйретші және оны қысқаша ғана айтшы, - деген екен.

Оған Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Әр кез намаз оқығанды, оны соңғы рет намаз оқып тұрғандай оқы. Соңынан кешірім сұрауды талап ететін сөзді айтпа және бұл дүниеге құмар болма», - деп айтыпты (Ибн Маджа, Зухд, 15).

Хайсеми "Маджма'ул аз-Зауаид" жинағында былай келтірген:

"Бұл риуаят тізбегі әлсіз деп саналады. Осман бин Жубейр келтірген тізбек сенімді болып табылады. Бұхари мен Әбу Хатам аталмыш хадистің Әбу Аюбты (р.а.) білген атадан әкеге, әкеден балаға жеткізілгенін айтқан.

Сондай-ақ, Хайсеми былай да айтқан: "Бұл хадис Аллаға ұнамды амалдарды жасауға итермелейтін игілікті хадистердің бірі болып табылады, мұнда даналық бар әрі бізді Аллаға жақындататын дүниені көрсетеді. Және де мұны тура осы көзқарас турасынан қарастыру қажет" (Ибн Маджа, Зухд, 15).

Хадисте келтірілген «… соңғы рет оқылатын намаз» сөзі әрбір пенде үшін кезекті ескерту болып табылады, біздің кез-келген намазымыз соңғы оқылған намазымыз болуы мүмкін. Әрбір құлшылығымыз асқан шынайылықпен, тақуалықпен жасалуы керек, өйткені қайтадан жайнамазға тұрып, Алла Тағала алдында сәждеге жығылу бақыты біздің пешенемізге жазылған, жазылмағанын ешкім де білмейді.    

Сол себепті Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқу кезінде бұл дүние қызығына берілмей, сан-саққа жүгірген ойлардан арылып, Алла разлығына қол жеткізу үшін тек құлшылыққа зейін қоюға үйреткен. Намаз – біздің жанымыздың «шипасы», алайда мұны құлшылықты шынай түрде орындайтындар ғана сезіне алады.

Күндердің күнінде, Алланың қалауымен, намаздарымыздың бірі – біздің соңғы оқыған намазымыз болары хақ. Сол намазымыздың ең жақсы болуын Алла Тағала бізге нәсіп етсін. Әмин!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: