Доханың орталығынан бір шақырым жерде орналасқан Катара этнографиялық ауылында орналасқан мешіт 2022 жылғы әлем чемпионатына әмірлікке келген әлемнің түкпір-түкпірінен футбол жанкүйерлерін қызықтыратын орталыққа айналды.
TRT World арнасының хабарлауынша, туристер мұсылмандық ғибадатханаға ислам ілімдерін түсіну үшін келеді, бұл туралы шет тілдерін білетін арнайы дайындалған уағызшылар айтып береді. Сондай-ақ, мешіт есігіне 30-дан астам электрондық планшеттер ислам діні туралы ақпараттар орнатылған.
Тілек білдірушілерге арнайы кітапшалар да таратылады. Сонымен қатар, Катар Уақап және Ислам істері министрлігі әлем чемпионатына арнайы Ислам және оның ілімдерімен танысуға арналған павильон ашты. Ал көшелерде әлем чемпионатының жанкүйерлері игі істердің маңыздылығын сипаттайтын хадистерді кездестіреді.
asyldin.kz