Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жұмысымен танысты.
Оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев университеттің ауқымды ғылыми жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ Бас мүфти әл-Фараби кітапханасындағы 16 мың кітап қоры бар сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын және тарихымыздан сыр шертетін залды аралады. Осыдан кейін тараптар ғылым мен білім бағытындағы ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.