Назарбаев Пәкістан президентіне Пешавардағы терактіге байланысты көңіл айтты

Назарбаев Пәкістан президентіне Пешавардағы терактіге байланысты көңіл айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан президенті Мамнун Хусейнге Пешавар қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Назарбаев Пәкістан президентіне Пешавардағы терактіге байланысты көңіл айтты

Жеделхатта басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар болған, көптеген жазықсыз жандардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан барша әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмнің іс-әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Пешавардағы жантүршігерлік оқиға радикалды топтарға өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады", - делінген жеделхатта.

Қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Пәкістан халқына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттен жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: