#Жамбыл: Аудан имамы арнайы барды

#Жамбыл: Аудан имамы арнайы барды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қапал ауылы «Қапал» мешітіне арнайы барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шам мен құптан намазының арасында мешіт жамағатымен жүздесіп, «әдеп» турасында уағыз айтты. Сонымен бірге, әдеп – ахлақтың ең жоғары дәрежелерінен екенін айтқан бас имам, жамағатты кез-келген ортада  барынша әдепті болуға шақырды.

Уағызды мұқият тыңдап болған соң, жамағат аудан имамына ауыл тұрғындарының қолға алып жатқан жобасын таныстырды. Аталмыш жоба -мешіт жанынан асхана құрылысының басталып жатқанын көрген бас имам, қолға алып жатқан азаматтарға арнайы өз алғысын білдірді. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: