Тұғырлы Тәуелсіздігіміз құтты болсын!

Тұғырлы Тәуелсіздігіміз құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облысымыздың өкіл имамы Данияр Алимұхамедұлының  16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сан ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігімізге Алланың қалауымен биыл міне, 23 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында қазақ елі біршама белестерді бағындырды. Дамыған алпауыт елдермен тереземіз тең  болды.  

Тарихқа көз жіберетін болсақ, 16-желтоқсан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігерінің арқасында, біздің арман-мұратына жетуімізге себеп болған күн. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл біздің ең басты құндылығымыз.

Осы себепті, Тәуелсіздігімізді алуымызға бірден бір себеп болған желтоқсан құрбандарына мәңгі борыштармыз және қиындықпен қолға алған азаттығымыз үшін Аллаға шүкір етейік.

Құрметті Отандастар, қиындықпен келген азаттығымызды бағалайық, қастерлейік, Қазақстан жерінде туып-өскенімізді мақтан тұтайық. Ең бастысы еліміз бен жеріміз, дініміз  бен  тіліміз аман болсын! Өркениетті еліміз мәңгі жасасын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: