Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

3.  Саад әл-Асуад (р.а.): үйлену тойы күні шейіт болған

Саад әл-Асуад ас-Сулями (р.а.) қара нәсілді сахабалардың бірі болған.

Саад Медине мұсылманы ансарлардан болған, өзінің шығу тегінің төмендігіне байланысты адамдардан көп қорлық көрген. Өзінің толық қанды емес екендігіне қорланған Саад бірде Пайғамбардан (ﷺ): «Мұсылмандар арасындағы төменгі жағдайыма қарамастан, мен Жұмақтық бола аламын ба?», -  деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған мұндай сыйға басқа мүміндер сияқты оның да құқығы бар екенін айтады. Сонда Саад: «Басқа мүміндермен тең құқығым болса, неге арабтардың ешбірі маған қызын бергісі келмейді?» - деп сұрайды. Мұны естіген Пайғамбарымыз Саадқа Амр ибн Уахбтың үйіне барып, қызының қолын сұрауын және бұл ұсыныспен Алла Елшісінің (ﷺ) өзі жібергендігін айт дейді. Саадтан ұсыныс алған Амр қатты ашуланады - оның сұлулығымен танымал қызына мұндай төменгі тектің адамы қалайша құда түспек! Бірақ олардың әңгімесін естіп тұрған Амрдың қызы әкесіне бұл ұсыныстан бас тартпауды өтінген, өйткені оны Пайғамбардың (ﷺ) өзі жіберген ғой. 

Алайда үйленген күні Саад шайқасқа кетіп, қаза болады. Бізге келтірілгендей, Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ)  оның басын тізесіне қойып, Саадтың өліміне қайғырған екен. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: