Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1.      Усама ибн Зайд (р.а.): жас қолбасшы

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ең сүйікті сахабаларының бірі болған. Усаманың  ата-анасы - Эфиопиядан шыққан Үммү Айман мен шығу тегі араб Зайд ибн Харис (р.а.), оларды Пайғамбарымыз (ﷺ) құлдықтан азат еткен. Усама хижраға жеті жыл қалғанда Меккеде туған, ол қара нәсілді адам ретінде сипатталады. 

Усама уақытының көбін Пайғамбарымыздың (ﷺ) үйінде өткізіп, оның немересі Хасанмен (р.а.) бірге тәрбиеленеді. Кейін келе Пайғамбарымыз (ﷺ) Усаманы құрайыш тайпасынан шыққан Фатима бинт Кайске некелестіреді. Некеге отыру кезінде Усама 15 жаста болатын және оның саусағында «Алла Елшісіне деген сүйіспеншілік» деген жазуы бар жүзік бар болғандығы келтірілген.  

Біраз уақыттан соң әлі де жап-жас Усама Сириядағы византиялықтарға қарсы жорық әскерінің қолбасшысы болып тағайындалады. Усаманың осындай жоғары лауазымына кейіс танытқан кейбір сахабалар да болған — үлкен жастағылар енді жас балаға бағынуы тиіс дегендей. Мұны білген Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабаларына былай айтқан екен: «Әй, адамдар! Маған кейбіреулеріңнің Усама ибн Зайдтың қолбасшы болып сайланғанына ренжулі екендіктерің жетті. Алламен ант етемін, шындығында, Усамаға бағыну – маған бағынғанмен тең».

Усама хижраның 61 жылы Муауи ибн Әбу Суфьянның басқару уақытында қайтыс болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: