Қызғаншақ адамға берілетін 5 жаза

Қызғаншақ адамға берілетін 5 жаза

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Хасан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ)  былай айтқанын келтірген: «От ағашты жалмағандай, жақсы амалдарды ыза мен қызғаныш жалмайды».

Ғабдурахман бин Муғауия (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ешкім де үш нәрседен: күдіктен, қызғаныштан әрі жаман пікірден (болжаудан) қашып құтыла алмайды». «Уа, Алла Елшісі, бұлардан қалай құтылуға болады?» - деп сұрағанда, ол былай деген:  «Егер қызғансаң — қызғанышқа берілме, яғни, егер жүрегіңде қызғаныш оты пайда болса, бұл сезімді сыртқа шығарма да басқа адамның Алла берген ризығынан айырылып қалуын тілеме. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Егер сен күдіктенсең – тексерме, яғни, бір мұсылман туралы расымен білмесең, ол туралы жаман ойлама». «Егер жаман ойласаң – бұл ойдан арыл да қайта оралма, яғни, егер сен жолға шығайын деп жатқанда бір қатты дауыс немесе қарғаның қаңқылдағанын естісең, не болмаса сенің әлдебір дене мүшеңді әлдекімнің тартып қалғанын сезсең – жаман болжаулардан аулақ бол». Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ) жақсы болжамдарды ұнатып, жаман болжамдарды қаламайтын.

Жаман болжамдардың жәһилиәт дәуірінде де болғандығы да келтірілген.

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Яки олар, өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болды ма?... (16:47).

Ал басқа бір аятта былай келтірілген: «Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді» (36:18).

Ибн Ғаббас (р.а.) былай айтқан: «Әр кез құстың дауысын естігенде, былай де: «Уа, Аллам, Сенің құсыңнан басқа құс жоқ, Сенің игілігіңнен басқа игілік жоқ, Сенен басқа Құдай жоқ, Сенің күшің мен құдіретіңнен басқа күш пен құдірет жоқ», - сосын болжаудан аулақ бол, өйткені Алланың рұқсатынсыз саған ештеме де зиян келтіре алмайды».

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер, бір-бірлеріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңе бағаларыңды өсірмеңдер. Уа, Алланың құлдары, бір-бірлеріңе бауыр болыңдар».

Муғауия бин Әбу Суфьян өзінің ұлына: «Ұлым менің, қызғаныштан аулақ бол, өйткені қызғаныш сенің дұшпаныңнан бұрын сенде пайда болады», - деген.

Факих (р.а.) айтқан: «Ыза мен қызғаныштан артық жаман нәрсе жоқ, өйткені қызғаншақ адам мынадай бес жазаға ұшырайды:

Біріншісі: таусылмайтын уайым.

Екіншісі: сауабы болмайтын қасірет.

Үшіншісі: дәріптелмейтін қорлық.

Төртіншісі: Алланың қаһарына ұшырау.

Бесіншісі: таупиық есіктері жабық болады.

Пайғамбарымыз (ﷺ)  былай айтқан: «Шындығында, Алла Тағаланың берген нығметінің жаулары болады». «Уа, Алла Елшісі, олар кімдер?», - деп сұрағандарға Пайғамбарымыз (ﷺ): «Адамдарға Алла Өз мейірімімен берген нығметтерін - қызғанатындар, көре алмай, күндейтіндер», - деп жауап берген.

Мәлік бин Динар айтқан: «Асылында, қарилерге Құранды барлық адамдарға оқуға рұқсат еттім, бірақ олардың бір-бірінен жарыса оқуларына рұқсат бермедім, өйткені ең үлкен қызғаныш сол қарилерде».

                             "Танбихул ғафилин" кітабынан

аударған Ақерке Сыдықова

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: