Иманның биігіне қалай көтерілу қажет

Иманның биігіне қалай көтерілу қажет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кішкентай қыз күнімде әкемнен бір нәрсе сұрағым келгенде, ол маған үнемі былай айтатыны әлі күнге есімде: «Менен бір нәрсе сұрар алдында, екі ракағат намаз оқып, алдымен оны Жаратушыңнан сұра». Бүлдіршін болсам да әкемнің әмияны арқылы бәрін маған Алламның беретінін білетін едім!

Әкемнің парасатты кеңесін түсінбей, қаламасам да бойұсынатынмын. Бірақ кейін түсінгенімдей, менің Жаратушыммен ерте байланысым, қалған өмірімнің  маңызды негізін салуға көмектескен екен.

Ересек адамдардың сенімі жиі осыған негізделіп отырады. Иә, Алла Тағала — біздің сүйенішіміз, Ол бізге ризық береді, бірақ логика талап еткендей, өзімізді асырау үшін біз жұмыс істеуіміз керек екендігін мойындауымыз қажет. Бұл ой қорытындысы дұрыс, бірақ бұлай ойлау мүміннің иманының әлсіреуіне және Алланың жәрдеміне деген үмітінің азаюына әкеліп соғады.

Белгілі Құдси-хадисте Алла Тағала: «Өзімнің құлыма, Менен не күтетініне байланысты қараймын», - деп айтқан.

Сахабалардың өмірінен Алланың жәрдеміне деген толық та тұтас үмітті көреміз.

Омардың (р.а.) халифат құрған уақытында жанартаудың атқылауы басталып, оның үрейлі лавасы қатты жылдамдықпен Медине жаққа бағытталады. Бір адам қорыққанынан көмек сұрай Омарға (р.а.) қарай жүгіреді. Алайда жағдайды естіген Омар (р.а.) еш абыржымай, оған байсалды түрде: «Тамим ад-Дариге бар, мұны ол реттейді», - дейді. Әлгі адам өзінің билеушісіне таң қала қарайды, өйткені ол қорқынышты апатты айтып тұрса, әміршісі оны әлдебір басқа адамға жіберіп отыр... Күмәндана отырып әлгі адам Тамимге келеді, ол болса тауға барып, қолдарын көкке көтеріп лаваға еш жерін тигізбестен, жалындаған отты қайтадан таудың ішіне кіруге мәжбүрлейді!

Мұндай таңғажайып оқиғалар таусылып бітпейді: Алла Юнусты (ғ.с.) - киттің ішінен,  Юсуфты (ғ.с.) – түрмеден, Мұсаны (ғ.с.) – Перғауыннан құтқарды. Бәдір шайқасында Алла мұсылмандарға жәрдемдесті, оларға періштелерді жіберіп әрі жаңбыр жаудыртты; Меккені алардағы бейбіт келісімге келудің өзі бір ғажап дүние еді, өйткені бәрі мұсылмандарға қарсы бола тұра, келісімге келген болатын. 

Алланың көзге көрінбес жәрдемінің арқасында біздің күнделікті қажеттіліктеріміз де орындалып жатады. Бір күні кешке Пайғамбарымыз (ﷺ) кішкентай немересімен ойнап болған соң, оған үйіне оралуы керектігін айтады. Әбу Хурайра (р.а.) қараңғы болып кеткенін айтып, кішкене ұлды үйіне апарып салуды ұсынады. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) ұсыныстан бас тартып, аспанға қарайды, сонда аспандағы  бұлттар тарап, немересінің үйіне жеткенше жол көрсетіп тұруы үшін жарқырап ай көрінеді. Субхан Алла, осындай қарапайым істе де Алланың жәрдемі келді, өйткені сенім адамға үнемі патшалардың Патшасының жәрдеміне сенуге жәрдемдеседі.

Осы көмекті сипаттай отырып, Алла Тағала былай айтқан:

ألا أن نصر الله قريب

«Негізінен Алланың жәрдемі жақын» (2:214).

Алла Тағала сіздерден бас тартпайды, сіздер тек қана берілмеңіздер, Алла Тағаланың тыйғанынан тыйылып, бұйырғанын орындай жүріп, бір қадам болсын Оған жақындап, Жаратушымыздың разылығын алуға тырысыңыздар!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: