Қордай аудандық орталық мешітінде әйелдер жамағаты арасында рухани кеш өтті. Шарада Қордай әжелер алқасының мүшелері жастарға қоғамдық түйіткілді мәселелерді қозғап, насихатын жеткізді.
Әжелер алқасы мүшелері жиынға жиналған келіншек-қыздарға пайғамбарымыз туралы уағыз айтып, өнегелі сөздерін айтты.
Қыздар өз сауалдарын қойып, тәрбиеге толы жауаптарын алды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі