ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Қордай ауданы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Адамзаттың ардақтысы, асылы - Мұхаммад (с.а.с)" тақырыбында рухани кеш өткізді.
Мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен жасалға шараға әжелер, әйелдер, қыздар келіп қатысты.
Мешіт шәкірттері кеште Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны туралы тілге тиек етіп, сұрақ-жауап ойынын өткізі. Кеште монолог пен өлең жолдары оқылды. Көпшілік бірлесіп салауаттар айтты.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі