О.Асанғазы: Біздің студенттерге кімдер дәріс оқып жүр?

О.Асанғазы: Біздің студенттерге кімдер дәріс оқып жүр?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін істері комитетінде өткен Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы Астанадағы белгілі Жоғарғы оқу орындарында Ислам діні туралы шетелдіктер дәріс оқығанын, ол дәрістерде асыл дініміз ислам туралы теріс ақпараттар берілгенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тағы бір назар бөлетін мәселе - жоғары оқу орындарында дінді оқыту мәселесі. Мына Еуразия Ұлттық университеті ислам дінінен дәріс беру үшін мұғалімді Англиядан шақыртыпты. Назарбаевуниверситеті тағы бір шет елден шақыртқан. Құдай-ау, Түркия бар, мұсылман мемлекеттері бар, өзіміз бар...сонда бізде Құранды білетін адам жоқ па?. Мен Назарбаев университетіндегі дәріске екі рет қатыстым. Сонда олар студенттерге исламды емес, ислам діні туралы теріс пікірлерді үйретеді екен. Осыған Дін істері комитеті қалай жол беріп отыр?», - дейді депутат. 

О.Асанғазының айтуынша, біз отбасыға теледидар арқылы насихат жүргізіп отырған БАҚ-ды іріктеу мәселесін, 1-ші сыныптан бастап дінді оқыту мәселесін, сосын, Жоғары оқу орындарындағы дінді оқытатын адамдарды іріктеу мәселесін жіті бақылауымыз керек. 

bnews.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: