Ослода Нобельдің бейбітшілік сыйлығы тапсырылды

Ослода Нобельдің бейбітшілік сыйлығы тапсырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Норвегияның астанасы Осло қаласында Нобельдің бейбітшілік сыйлығы пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсафзай мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге тапсырылды.

Ослода Нобельдің бейбітшілік сыйлығы тапсырылды
Белгілі блогер әрі қыз балалардың білім алуын жақтаушы Малала Юсафзайды екі жыл бұрын Пәкістанда талибтер атып жаралап кеткен еді.

Ұлыбританиядағы Бирмингем қаласына апарып емдеткен Малала Юсафзай кейін сол елде тұрып қалған.

17 жастағы Малала Юсафзай Азаттыққа берген сұхбатында: "Балаларды мәжбүрлеп жұмыс істетуге болмайды, олар оқуын жалғастыратын мүмкіндікке ие болуы керек" деді.

Ол ВВС арнасына берген сұхбатында саясатпен айналысып, Пәкістан премьер-министрі болғысы келетін арманын айтты.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: