Сауд Арабиясында қонақүй бизнесін инвестициялаумен айналысатын Мұхаммед әл-Суайлемның айтуы бойыншы, Мекке қаласына келген қажылар мен қонақтарды қарсы алу үшін жиһаздандырылған тағы да көптеген апартамент қажет болуда. Себебі, осы жылы қажылық парызын өтеуге келген қажылар саны тым көп болған. Келесі жылы олардың саны бұдан да артса, қолданыстағы қонақүйлерге сыймай қалулары да мүмкін деп отыр.
«Мекке қаласына үлкен мешіттің маңынан ең кем дегенде 5 жылдың ішінде 50 қонақүй салуымыз керек. Сонымен қатар, қаланың шет аудандарына да сондай қонақүйлер тұрғызсақ, игі болар еді», - дейді әл-Суайлем.
hibatulla.kz