Имамдардың курсы басталды

Имамдардың курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің жолдауымен 30 имам Мәскеу қаласына барды. Ресейдің Муфтилер Кеңесінің ұйымдастыруымен болып жатқан «Экстремизм мен радикализмнің алдын алудағы классикалық ислам ілімінің орны» атты имамдардың біліктілігін арттыру курсында 5 мемлекеттен 60 имам дәріс алуда.

Қазіргі кездегі мұсылман әлемін алаңдатып отырған діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу барысында мән берілуі керек мәселелер жайында Ресей мұсылмандарына танымал ғалымдар дәріс оқуда.  Аталмыш курска елімізден 30 имам қатысса, Өзбекстаннан 5 имам, Қырғызстаннан 10 имам, Қырым Республикасынан 10 имам, Тәжікстаннан 5 имам қатысуда.

Дәріс таңғы сағат 9-дан бастап кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасуда. Аталмыш курс имамдарымыз үшін пайдалы боларына сенімдіміз.

ҚМДБ-ның баспасөз хатшылығы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: