Хорватия еуропалық елде мұсылмандарға құрмет көрсетудің үлгісі болып табылады, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 8 қыркүйекте Хорватияның Сисак қаласында мешіті бар Ислам мәдени орталығының ашылуында, деп хабарлайды HRT телеарнасы.
Мәдени орталықтың құрылысын Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) қаржыландырды. Айта кетейік, Хорватия сапары Ердоғанның Балқан турнесінің соңғы кезеңі болып табылады. Бұған дейін ол Босния мен Герцеговинада, одан кейін Сербияда болды.