Дубайда шөптен жасалған Құран кітабы табылды

Дубайда шөптен жасалған Құран кітабы табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубай қаласында Құран Кәрімнің әлемдегі тұңғыш шөптен жасалған нұсқасы табылды. «Біз үшін осы қасиетті Құран кітабының тамаша нұсқасын жасауға өмірін арнаған Хаким Хамди Тахердің еңбегіне ие болу үлкен бақыт» дейді көркемөнер саласы бойынша Ислам кеңесшісі Азиз бин Хассан Мулави Малабари.

Түрік дәрігері Хамди Тахердің 22 жыл бойы көз майын тауысып шөптерден жасаған Құран кітабы Юнани медицина жүйесіне сәйкес «жоғары концентратты» шөп қоспаларынан тұрады. Шамамен 200 компоненттен тұратын бұл тамаша туындының емдік терапевтік қасиеттері де бар. Оны оқыған оқырманның Құран кітабын парақтап ашқанда адам денсаулығына тигізер пайдасы да анықталды.

Мұның мәні, саусақ арқылы шөп қоспалары өз пайдасын тигізетіндігінде болып отыр. 7,5 келі салмақ тартатын қасиетті кітаптың құрамында мынадай элементтер бар: Юнани медицинасында қолданылатын жеміс, өсімдік тұқымы, жапырақ, сабақ және тамыр, қабықтары. Юнани араб тілінде «ионийлік», яғни «гректік» деген мағына береді. Бұл медицина тарих бетінде 6 ғасырдан астам өмір сүріп келеді.

Ummet.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: