– Уа, Адамның ұрпағы! Өзінің барлық жақсы амалдарына қарамастан шынайы мүмін таңды қорқынышпен қарсы алады. Бұл осындай адамдарға тән қасиет. Мұндай адамдар кешті де осылай жүректеріндегі қорқыныш сезімімен күтіп алады. Ол үнемі екі үрейдің арасында болады: ол өзінің бұрынғы күнәлары үшін және келешекте өзін не күтіп тұрғанын білмейді. Соңғы демі таусылар сәтінің қандай болатынын білмейді. Ол үнемі осы сұрақтардың жауаптарына ой жүгіртумен жүреді.
Уа, адамдар! Алла Тағала мен Оның Елшісі (ﷺ) сендердің амалдарыңды көретінін біле тұра, жақсы амалдарды жасаңдар. Айқынды да, жасынды да білетін Аллаға қайтатын күн келеді. Сол күні Ол кезек-кезек сендердің амалдарыңды алдарыңа тартады. Жүректеріңе көп көңіл бөліңдер. Алланы еске алумен жүректеріңді тазартып отырыңдар, өйткені жүректерді тез тот басады. Өз нәпсіңізді ауыздықтаңыз, өйткені ол жұлқынып тұрады. Егер сіз оның жаман жақтарын құрықтап отырмасаңыз, күндердің күнінде ол сізді түбі жоқ тұңғиыққа лақтыртады.
Өз жасаған қателігіңіз үшін басқаларды айыптағаныңызды доғармайынша, сіздің иманыңыз кемеліне жетпейді. Сол себепті, бірінші кезекте, өзіңізден бастаңыз, басқалардың қателіктерін көрмей тұрып, өз қателіктеріңізді түзеңіз.
Уа, адамдар! Қасиетті Құран – Алла Тағаланың сендерге жіберген Үндеуі. Ол мүміндердің шипасы, тақуалардың жолбасшысы болып табылады. Алла Елшісінің (ﷺ) сүннетін ұстанған адам хақ жолды ұстанады, ал одан бас тартқандар бақытсыз болып, бастарын үлкен қатерге тігеді.
Уа, Адамның ұрпағы! Сен өліп, қайтадан тірілесің және тек сен ғана өз амалдарың үшін жауап бересің.
asyldin.kz