Ислам дінін ұстанатын жұмылдырылған әскерилер үшін бөлек халал ас ұйымдастырылды, деп хабарлады Татарстан ДУМ.
Мұсылман жауынгерлеріне халал талаптарына сай дайындалған ыстық тамақты жеткізу Қазан қаласындағы «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығындағы жұмылдырылған адамдарды қабылдау пункттерінде, танк мектебінде және танк полигонында жүзеге асырылады.
Сарбаздар құнына тамақ сататын «Medina Food Kazan» дәмханасының және күнделікті ақысын төлейтін қамқор мұсылмандардың қолдауымен халал тағаммен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл бастамаға «Аль-Бухари» және «Азу» кафелері қосылмақ.
asyldin.kz