АҚТӨБЕДЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Жарық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні» қарсаңында Батыс өңірлік «Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елордамыз Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде көтерілген мәселелерді жүзеге асыру барысын талқылау. Дөңгелек үстелге облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Ақпарат және қоғамдық даму минитрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы, облыс әкімінің кеңесшісі Болат Мажағұлов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы,  батыс өңірлерінің дін істері басқармаларының өкілдері мен діни бірлестіктер басшылары, сондай-ақ өңірдегі барлық діни бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, белсенді ҮЕҰ мүшелерінен құрылған делегация мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған шарада наиб мүфти «Конфессияаралық қатынастарды нығайтудың исламдағы рөлі»  атты тақырыпта баяндама жасады.

«Конфессияаралық келісімі бар елдің келешегі кемел. Қазақстанда мұсылмандармен қатар, православие, католицизм, протестантизм, буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Қазақ жерінде түрлі конфессия өкілдерінің, түрлі этнос өкілдерінің бір үйдің баласындай тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатқанына күллі әлемнің көз жетті. Бұл да болса – халқымыздың ежелден береке-бірлікке жақ болғанының айғағы. Қазақстанның толеранттылық пен түсіністікті қолдауы бекер емес. Себебі, біздің түп-тамырымыз тұтастықтан, діңгегіміз асыл дінімізден бастау алады.

Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын нығайтуға оң ықпал ету мақсатында биылғы 2022 жылды ҚМДБ қызметі аясында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялап, осы бағытта бірқатар маңызды да ауқымды іс-шаралар өткіздік. Бұл бағыттағы жұмысымыз алдағы уақытта да жалғасын таба береді» деді Ершат Ағыбайұлы..

Одан өзге дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға наиб мүфти тұшымды жауап берді.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: