«Мұхаммед бүкіл әлемге мейірім етіп жіберілді» атты поэзия бәйгесі жарияланды

«Мұхаммед бүкіл әлемге мейірім етіп жіберілді» атты поэзия бәйгесі жарияланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейдің  муфтилер кеңесі мен Мәскеу мұсылмандар діни басқармасы бірлесе отырып жыл сайынғы дәстүрлі IХ жалпыресейлік поэтикалық «Мұхаммед бүкіл әлемге мейірім етіп жіберілді» атты бәйгесін ұйымдастырып отыр.

Бәйгеге орыс және татар тілдерінде жазылған авторлық шығармалар қабылданады. Байқау шарты бойынша шығармалар Пайғамбырымыздың (с.а.у.) мүбәрак өмірінен  сыр шертетін озық үлгіде, сонымен қатар Пайғамбырымыздың (с.а.у.) парасатты басшылығы мен насихатқа толы істері мен сөздерін негізге ала отырып жазылуы тиіс.   

Поэзия бәйгесіне қатысушылардың өтініштері 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, 2015 жылдың 18 қаңтарына дейгі аралықта қабылданады.

Байқау қорытындысы жыл сайын аталып өтетін  «Мәуліт» мерекесі қарсаңында 2015 жылдың 25 қаңтары күні  Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында жарияланады. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: