Ирак елінің премьер министрі Хайдер әл-Абади Сауд Арабиясының сыртқы істер минстрі, ханзада Сауд әл-Фейсалдың Ирак еліне келіуін өтініп, шақыру жолдады.
Шақыруды қабыл алған Сауд ханзада Хайдер әл-Абадимен кездесіп, жиында Брюссельдегі «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы мәселелер туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, олар Ирактағы, Сириядағы және т.б. аймақтардағы терроризммен күресудің жолын талқыға салды.
Кездесуде сонымен қатар, Сауд Арабиясының Бағдад қаласындағы елшілігін ашуға қатысты сұрақтар да талқыланды.
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі Ирак елінің премьер министрі әл-Абадиге Ирактағы түрлі діни топтарды татуластыра отырып, елді басқаруда сәттілік тіледі.
hibatulla.kz