ҚМДБ: 30 имам Мәскеуде білім жетілдіреді

ҚМДБ: 30 имам Мәскеуде білім жетілдіреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында имамдарды қабылдады.

Жуырда еліміз бойынша 30 имам «Мәскеу ислам институтында» екі апталық курста білімдерін жетілдіріп қайтпақ. ҚМДБ төрағасы дін қызметкерлеріне сәт-сапар тілеп, дұға жасады.

«Қазір Діни басқарма имамдардың білімін арттыруға үлкен мән беріп отыр.Имамдарды курсқа жіберу туралы біздің ұсынысымызды ресейлік әріптестеріміз қабыл алды. Бұл - үлкен мүмкіндік. Біз мұнымен шектелмей, Түркиямен, Мысырмен екі жақты келіссөздерге қол жеткіздік. Әрбір уақыттарыңызды дұрыс пайдаланып, білім алуға ден қойыңыздар. Алла Тағала баршамыздың білімдерімізді арттырғай », - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Екі апталық білім жетілдіру курсында имамдар уағыз-насихат жүргізу әдіс-тәсілдері мен пәтуа шығару мәселелерінде ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмаспақ.  











ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: