БАҚ-тың хабарлауынша, ресейлік журналистер арасында тұңғыш рет Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) құрметіне арналған жалпыресейлік конкурс жарияланды.
Іс шараны елдің әлеуметтік-қайырымдылық департаменті мен Ресей діни басқармасы және «proPRonline» агенттігі бірлесе ұйымдастырып отыр.
Конкурсқа осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2015 жылдың 15 қаңтары аралығында жарияланған мақалалар қабылданады.
Бұл бәйгеге федеральды және аймақаралық БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс корреспонденттер, сонымен қатар, интернет-БАҚ-тың өкілдері мен блоггерлер қатыса алады.
Әділ қазылар алқасы журналистердің материалдарын баспасөз, радио және телевидение, интернет-БАҚ, әлеуметтік медиа-ресурстар номинациялары арқылы бағалайды.
Дайындаған Лаура Алмаханова.
hibatulla.kz