Сакен Майғазиев мешітте азан шақырды

Сакен Майғазиев мешітте азан шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"МузАрт" тобының мүшесі, талантты әнші Сакен Майғазиев Алланың үйі – мешітте азан шақырды.

Сакен Майғазиев мешітте азан шақырды

Бұл туралы Сакен өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, видеомен бөлісті деп, хабарлайды Baistars.kz.

"Алланың қалауымен, имамның ұсынысымен азан шақырдым", — деп жазды Сакен Майғазиев.

Әншінің азан шақырған видеосын көрген тыңдармандары ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдіріп, жақсы пікірлер жазған. Айта кету керек Сакен Майғазиев иман жолын, дінді ерекше ұстанатын әнші.

Сонымен қатар, Сакен мұсылманның бес парызының бірі — Меккеге барып қажылық міндетін орындап келген. Сондай-ақ, биыл анасын қасиетті Меккеге жіберіп, әншінің ең үлкен армандарының бірі орындалды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: