Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Челна жағалауында орналасқан тарихи-өлкетану мұражайында "Құранның үйлесімділік тартылысы" деген атпен көрме ашылды. Көрмеге қасиетті кітаптың сүрелері мен аяттары жазылған қолжазба және баспадан шыққан сирек кездесетін даналары қойылды.
Осындай жәдігерлер көрмесін ұйымдастыру ісін биыл жиырма жылдық мерейтойын тойлап отырған "Қазан Кремльі" тарихи-өлкетану мұражайы өз міндетіне алыпты.
Аталмыш мұражайға орналастырылғанға дейін жоғарыда аталған экспонаттар республиканың бірнеше қаласында көрсетіліп келген.
Көрмеде бірден көзге түсетін экспонат VIII ғасырдың аяғында жазылған Құранның көшірме қолхаты. Көрмеде бұдан бөлек, қасиетті қолжазбаның бірнеше түпнұсқасы ұсынылды.
hibatulla.kz