Таңертең ертемен мұсылманның жасауы тиіс 11 амалы

Таңертең ертемен мұсылманның жасауы тиіс 11 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла разылығы үшін жасалып, адамның қолын сыйға жеткізетін күнделікті амалдар құлшылыққа айналуы әбден мүмкін. Солардың арасында үнемі жасалатын амалдар ең жақсы болып табылады. Сауапқа кенеліп, Алланың сыйына қол жеткізу үшін тылсым дүниелерді жасаудың қажеті жоқ, дегенмен, ішіне намаз, Құран оқу, Алланы еске алу және басқа да жақсы амалдар кіретін нақты бір тәртіптеме орнатуымыз керек. Бұл жүрегімізге разылық, жанымызға саулық беріп әрі мүмінді хақ жолда ұстайтын болады.

Біздің басым көпшілігіміз – жұмысшылар,студенттер, жасөспірімдер, аналар және зейнеткерлер. Мұсылмандар әр алуан, бұл дегеніміз, әркімнің өз өмірі, өз күнтәртібі бар, бірақ исламның ортақ рухани тәжірибесі өмірімізге үйлесімділік пен тепе-теңдік беріп тұрады.  

1. Ең бастысы, ояна салып мұсылман адам – тағы да бір күн сыйлаған Алла Тағалаға шүкір айтуы тиіс:

«Әл-хамду ли-Лляхи аллязи ахйа-на ба‘да ма амата-на уа иляй-хи-н-нушур».

«Бізді өлтіріп, қайта тірілткен және тірілген соң Оған оралатын Аллаға Мадақ».

2. Таң намазына дәрет алу. Әжетхана бөлмесіне кірмей тұрып, «Бисмилля» деп, мына дұғаны айтып, сол аяқпен кіру керек:

«Аллахумма инни аузу бика миналь хубси уал-хабаис».

«Алланың атымен бастаймын. Уа, Алла, зұлымдық атаулыдан Сенен пана іздеймін».

3. Асты дәретін сол қолмен аласыз. Тақуалардың анасы Айша (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ)  дәрет алып, тамақ ішкенде оң қолын пайдаланғанын, ал асты дәретін - сол қолымен алғанын айтқан.

4. Мисуакты пайдалану құпталатын іс. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Егер бұл менің үмбетіме қиын болар деп қорықпасам, әр намаздың алдында мисуак қолданыңдар деп бұйырар едім».

5. Дәрет алып болған соң айтылатын дұға.

«Әшхаду алля иляяха илляллах, уахдаху ля шарика лях, уа ашхаду анна Мухаммадан габдуху уа расулюх».

«Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін».

6. Әжетхана бөлмесінен шығарда «Гуфранака»деп айтыңыз.

«Мені кешіре гөр».

7. Жұмысқа, университетке шықпай тұрып мұсылман өз күнін алдында екі ракағат сүннет оқылатын таң намазынан бастайды. Намаз уақыты келгенде, мұсылман намаз оқуды өзіне әдетке айналдыруы тиіс.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) уақытында оқылған намаз Алла алдындағы ең сүйікті іс деп айтқан болатын.

Мұсылман намазына ұқыпты болуы қажет, өйткені намаз Қиямет күні Алла алдында бірінші болып сұралады. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

«Әр намазыңды осы дүниедегі соңғы намазыңды оқығандай оқы. Алланы көріп тұрғандай құлшылық ет, сен Оны көрмесең де, Ол сені көреді».

8. Таңғы тыныш кез – мүмкіндігі бар жандарға Құран оқудың керемет шағы. Қасиетті Құранды ден қойып оқып, анағұрлым рухани пайда алуға мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Таң атып келе жатқанда оқылған Құранды Алла Тағаладан бөлек оны періштелер де тыңдайды».

9. Алла Тағала Өзінің жаратқан пенделеріне ненің жақсы екенін біледі әрі бізге табиғи пайдасы бар өнімдерді нәсіп еткен. Пайғамбарымыз (ﷺ) құрма, зәйтүн, зәйтүн майын, бал, нан, ет және сүт сияқты пайдалы тағамдарды қолданған. Осы мәселе турасында Алланың разылығын алу ниетіндегі талпыныс құлшылық болып табылады. Сонымен қатар, барлық жерде, әсіресе, тамақ дайындауда тазалық сақтау керек.

10.  Мұсылман ас-су ішердің алдында «Бисмилля» деп айтып, оң қолымен жеп-ішеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Кімде-кім тамақ жесе, оң қолымен жесін және кімде-кім сусын ішсе, оң қолымен ішсін, өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді».

Тамақ ішіп болған соң мұсылман баласы Алла Тағалаға ризалығын білдіреді:

«Әл-хамду лил-ляяхи ллязии ат‘амании хааза, уа разаканиихи мин гайри хау-лин миннии уаляя кууа».

«Бізге жегізген әрі рызық берген Аллаға Мадақ. Негізінде, менің құдіретім де, күшім де жоқ».

Шамадан тыс тамақтану зиян. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Адам өз асқазанын толтырғаннан жаман нәрсе жоқ. Адамның ұрпағына арқасын тік ұстап жүруіне бірнеше үзім жеткілікті, ал егер тойып тамақ жемей қоймаса, онда асқазанның үштен бірі  - тамаққа, үштен тірі – сұйықтыққа, ал қалған үштен бірі – ауаға қалсын».

11. Мұсылман үйден шығарда өз тағдырын Алла Тағалаға тапсырып, былай айтады: «Би-сми-Лляхи, тауаккальту аля-Ллахи, уа ля хауля уа ля куууата илля би-Ллях».

«Алланың атымен бастаймын, Аллаға үміт етемін, Алладан басқа ешкімде құдірет те, күш те  жоқ».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: