«(Мұхаммед Ғ.С.) саған мұнафықтар келген кезде: “Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді» (63:1).
Аталмыш сүренің атауына айналған «Мунафикун» (мұнафықтар-екіжүзділер) бірінші аятта айтылған. Осы сүреде екіжүзділер және олардың ерекше сипаттары туралы көп баяндалған. Сондай-ақ, мұсылмандарды олардың алдап-арбауына түспеуді және зұлым әрекеттерінен сақ болуды ескертеді. Сонымен қатар, екіжүзділердің қылықтары қайталана беретін болса, онда олардың әрекеттерінің бәрі өздеріне қайтып оралатындығы да айтылған.
«Араб қояны» немесе біздінше «түз тышқаны» деп аталатын ұсақ кеміргіштің екі іні болады. Бірі жердің бетіне жақын жерге орналасады, ол сырттан көрініп тұрады. Бұл ін «нафика» деп аталады. Ал байқалуы қиын екінші ін «касиа» деп аталады. Кеміргіш әлдебір қауіпті сезінгенде жылдамдатып «нафикидің» төбесінен тесік жасап, «касиаға» жасырынады. Екіжүзділердің әрекеттері осыған қатты ұқсағандықтан оларды мұнафықтар деп атап кеткен, бұл сөздің түбірі «нафика» сөзінен алынған. Қасиетті Құранда мұнафықтар деп жүректерімен иман келтірмей, біз иман келтірдік дейтіндер, олардың істері мен сөздерінен екіжүзділік көрініп тұратын болады, ал мұнафықтардың мұндай жағдайы «нифак» деп аталады.
Сырттай екіжүзділер мұсылман болып көрінеді және оларды мұсылман деп қабылдауды олар пайдақорлықпен пайдаланады. Осы себепті де Құран мен хадистерде мұнафықтардың ерекшеліктері кеңінен айтылған және қандай зиян келтіретіндігі мен мұндай адамдармен араласуда сақ болу керектігі де ескертілген. Сол себепті де діни екіжүзділік (нифак) екі санатқа бөлінеді:
- а) діни сенімділіктегі екіжүзділік ‒ ақида негіздерін жанымен емес, сырттай ғана қабылдау;
- б) мінез-құлқындағы екіжүзділік. Ол итиқад екіжүзділігіне ұқсас, алайда бұл жағдайда діни сенімділіктегі ашық екіжүзділік болмайды. Мұндай мұсылмандардың екіжүзділігі тек адамгершілік құндылықтарында ғана көрініс береді.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір хадисінде былай айтылған: «Екіжүздінің үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады, берген уәдесінде тұрмайды, оған сенім артса, ол сенген адамды сатып кетеді» (Тирмизи, «Иман», 14). Осы және осыған ұқсас басқа да хадистер діни сенімділікте орын алатын екіжүзділікке қарсы шара қолдануды ескертеді. Өйткені мұсылманның мінез-құлқындағы екіжүзділік үдей түссе, онда ол діни сенімде екіжүзділіктің пайда болу қаупін тудырады.
Ең жаман адам - мұнафықтардың негізгі белгілеріне келер болсақ, олар мынадай:
Мұнафықтарда шынайылық жоқ әрі олар бүлік пен дау-жанжалды жақтаушылар болып табылады.
«Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады. Олар, осы екі арада дел-салда. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Алла біреуді адастырса оған әсте жол таба алмайсың» (4:142-143).
«(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Алла ашуланған қауымды дос тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірікке ант ішеді» (58:14).
«Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», – делнсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді.
Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер.
Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды» (2:11-15).
«Аллаға байланысты жаман ой ойлаған мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдерді азапқа ұшыратады. Жамандық өздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де, оларға тозақ дайындады. Нендей жаман барар жер»(48:6).
«Алла, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерге және кәпірлерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті» (9:68).
«Адамдардың кейбірі: “Аллаға иман келтірдік” дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нұсырат келетін болса: “Әрине біз сендермен бірге едік” дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе? (29:10).
«Сондай жүректерінде дерті бар мұнафықтардың: “Бізге бір сұмдық келуінен (Мұсылманнан күн кетіп қалуынан) қорқамыз” деп, олардың арасында жүгіріп жүргендерін көресің» (5:52).
«(Мұхаммед Ғ.С.) саған мұнафықтар келген кезде: “Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді» (63:1).
«Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дұшпандық және Пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар» (58:9).
«Олар, шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: “Қарсы бол” деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: “Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын” деген еді» (59:16).
«Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген. Енді олар, түсінбейді»(63:3).
«(Мұхаммед Ғ.С.) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр?Егер оларға: “Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін” делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, тәкаппарланады.(Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды» (63:4-6).
asyldin.kz