Қасиетті Құран – Алланың ұлы мейірімі, бірақ оны иман келтіргендер ғана түсіне алады. Адамның жаратылуы туралы Алла Тағала былай айтқан: «Алла адамды не нәрседен жаратты? Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі» (80:18-19)
Осылайша, Жаратушы адамның жай тамшы болғанын және тек Оның қалауымен ғана түр беріліп, сана-сезімге ие болғанын айтады.
Бұл жерде «тамшы» «نطفة» деп ұрықтың тамшысы айтылып отыр.
Етістік قَدَّرَ әдетте «бейнеледі» деп аударылады, бірақ оның мағынасы анағұрлым кең. Сондай-ақ, оның мынадай мығыналары бар: «әзірлеу», «алдын-ала анықтау», және «тағдырды анықтау».
Қазіргі заманда ата-анадан ұрпағына берілетін ағзаның тұқым қуалайтын белгілері ген арқылы анықталатыны нақты белгілі.
Енуыз ұрық жасушаны ұрықтандырғанда, ата-ананың гені қосылып, келешекте дүниеге келер адамның барлық физикалық болмысы анықталады. Мыңдаған геннің әрбірінің тек өзіне ғана тән қызметі бар.
Ген көздің, шаштың түсін, бойды, бет пішінін, ішкі ағза, ми, тамырлар мен бұлшық еттердің орналасу ерекшеліктерін анықтайды. Сондай-ақ, ген физикалық ерекшеліктер мен ағзаның әртүрлі жүйесінің қызмет етуін анықтайды. Мысалы, адам баласының жоғары не төмен қан қысымының болуы көп жағдайда генетикалық түрде бейім болып келеді.
Ұрықтанған жасаушада бірінші болып адам денесінің өлгенге дейін дамуының коды болатын дезоксирибонуклеин қышқыл (ДНҚ) молекуласы пайда болады. Ол жасауша ядросымен қорғалып, өзіндік «ақпараттық банк» болып табылады. Сондай-ақ, ол келешек нәрестенің жасаушаларының көбеюі мен бөліну үдерісін де басқарады. Сонымен қатар, оның «басшылығымен» ішкі ағзалар қалыптаса бастайды.
ДНҚ-ға жазылған ақпараттың ауқымдылығы тіпті ғалымдарды да таңдай қақтырады. Алынатын ақпаратты миллион бет қағазға жазып алуға болады, ол дегеніміз мың томдық энциклопедия шығаруға болады. Салыстырмалы түрде қарап көріңіздер: Әлемде ең көлемді болып табылатын «Британ Энциклопедиясының» көлемі 250 мың бет. Бұл энциклопедияның томдары кітапханалардың көптеген сөрелерін алуда. Ал көлемі жағынан бір жасаушаның ядросынан да кішкентай болып келетін молекулада бұдан 4 есе көп ақпарат бар. Бұл барып тұрған таңғаларлық жайт, ал материалистер мен эволюционистер бұған түсінік бере алмай дал болуда, алайда – жаратқандарының барлық құпиясын білетін хақ Жаратушы үшін бұл оңай:
«Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да, тумайды. Алланың Кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай» (35:11).
Айта кету керек, тұқым қуалау және өзгергіштік заңдылығы туралы ғылым - 19 ғасырдың соңында пайда болды, ал 1953 жылы Френсис Крик ДНҚ құрылымының үлгісін жасады. XX ғасырдың басында көптеген биологтар ДНҚ ақпарат беруге еш қатысы жоқ деп санап келген, өйткені олардың пікірінше, молекула құрылымы біркелкі және кодталған ақпаратқа ие болуы мүмкін емес болған.
Ал Құран мен хадистерде адам өмірінің алдын-ала анықталып қойылғандығы айтылған, бірақ сол кезде бұл дүниедегі жандардың ешбірінің миына не молекулалық құрылым, не ген деген ұғымдар кіріп те шықпаған болатын.
asyldin.kz